Бұл туралы Алматы облысының “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционеолік қоғамы Алматы облысы филиалының директор орынбасары Талғат Бектұрсынов баянадады.
Спикердің айтуынша аймақта екі айда неке қиюға 1100-ден аса азамат өтінім берген болса, заңды ажырасуға 200- ден аса өтініш келген.
АХАТ функциялары өзгергенімен қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалды. Некені тіркеуге өтініштерді қабылдауды, өңдеуді, сондай-ақ шешімдер қабылдауды және нәтижелерді беруді тіркеуші органдар жүзеге асырады. Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталды.
“ Некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке куәлігін ала барулары керек. Бұл неке тіркеудің белгіленген күнінде жүзеге асырылады Өтініш берген кезде азаматтарды салтанатты неке қиюды немесе жай тіркеуді таңдауына мүмкіндігі бар”- дейді Талғат Бектұрсынов
Айта кетейік, Қазақстан Республикасында бір жыныстыларға, екі тұлғаның біреуі басқа некеде болса , жақын туыстарға, психикалық дерт немесе ақыл-есі кемдік саласынан қабілеті жоқ тұлғаларға неке қиюға тиым салынады.