Вторник, 23 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жерге қатысты 65 заңсыз шешімнің күші жойылды

Алматы облысында жерге қатысты 65 заңсыз шешімнің күші жойылды

Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Сәрсенбай мәлім етті.
Маманның айтуынша, облыстық прокуратураның ұсынысына сәйкес, биыл департамент жер ресурстарын пайдалануға қатысты заңсыз 65 шешімнің күшін жойған. Атап айтқанда,

• Қонаев қаласы – 6 шешім (7020 га);
• Іле ауданы – 54 шешім (19 га);
• Еңбекшіқазақ ауданы – 1 шешім (40 га);
• Қарасай ауданы – 2 шешім (9 га);
• Ұйғыр ауданы – 2 шешім (7650 га).

Департамент басшысы биыл өңірде пайдаланылмай жатқан 601 субъектіге тиесілі 285,5 мың гектар жер анықталғанын да айтты.

«Осы күнге дейін 247 субъектіге тексеріс жүргізіп, арнайы нұсқамалар берілді. Бұдан бөлек, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 264 га жер мемлекетке қайтарылды», – деді Арман Сәрсенбай.

Сондай-ақ биыл маусым-шілде айларында департамент 2022 жылы 149.5 мың га жерді басқарушы 45 субъектіге берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауға алмақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments