Site icon ATAMEKEN

Алматы облысында жылу беру басталды

 

Таулы аудандарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу беру басталды. Қалған аудандарда жылу 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен қосылады.

Жұмысқа жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блочно-модульдік қазандық толық дайын.

Жылыту маусымын дайындауға және өткізуге 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның 8,2 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Қаражат отын сатып алуға және жылу мен электрмен жабдықтау нысандарын жөндеуге бағытталған.

Не істелді:
🔹 Алатау қаласындағы «ДОС» қазандығының реконструкциясы аяқталды — 10 қазанға дейін іске қосылады
🔹 Қарасай ауданында екі блочно-модульдік қазандық жөнделді
🔹 Қонаевта жалпы ұзындығы 2,3 км жылу желілерін реконструкциялаудың екі жобасы аяқталды (2 млрд теңге)
🔹 152 қосалқы станция мен 1 552,9 км электр желілерін жөндеу аяқталуға жақын

Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 188 км. Қазір 6,7 км жаңартылып жатыр, бұл тозуды 40%-дан 38,5%-ға төмендетеді.

2 156 көппәтерлі үйдің 1 469-ы (71%) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Көмірге қажеттілік — 666 мың тонна, бірақ газдандырудың арқасында тұтыну жылына 6–7%-ға азайып келеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Алматыоблысы #жылу #ЖКХ #қыс #инфрақұрылым #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version