Вторник, 16 апреля, 2024
Басты бет101 хабарлайдыАлматы облысында орман алқабының 37 гектары өрттен зардап шекті

Алматы облысында орман алқабының 37 гектары өрттен зардап шекті

 

Облыс аумағында 5 млн.300 мың гектары мемлекеттік орман қорының жерін алып жатыр, оның ішінде 2 млн. 900 мың гектары орман алқаптарын құрайды.
Жыл басынан бері облыс аумағында орман шаруашылығы мекемелері мен табиғи парктер аумағында 15 мың гектардан астам алаңда 27 құрғақ шөп өртенді, салдарынан орман алқабының 37 Га. аумағы өрттен зардап шекті.

«Ағымдағы жылы минералданған жолақтарды құру және күту ұлғайтылды, жоспарланған 5300 км. (2020 жылы 3700 км) минералданған жолақтардың ішінен, бүгінгі күні 3120 км мин.жолақ салынды»,-дейді Алматы облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Қуат Белдібаев.

Өрт қауіпті кезең басталар алдында сәуір айында барлық орман шаруашылығы мекемелерімен 25 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ, дала және орман өрттерін, сондай-ақ құрғақ шөптің жануын ерте анықтау мақсатында «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК АҚ-мен және «Қазгидромет» РМК-мен облыс аумағын және шекара маңындағы аумақтарды гидрометеорологиялық болжамдарды ұсыну және қашықтықтан зондтау (термалды нүктелер) бойынша 2021 жылға шарттар жасалды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments