Алматы облысында сауда саласын реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жұмыстары бойынша 2025 жылдың 11 айындағы негізгі нәтижелер Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндалды. Осы мәселелер жөнінде Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ахметов Жеңісбек мәлімдеді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға жасалған мониторинг нәтижесінде сауда үстемесін 15 пайыздан жоғары қою деректері анықталып, заң талаптарын бұзған 43 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Департамент бұл бағыттағы бақылауды жалғастырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді басты назарда ұстап отыр.
Баспасөз мәслихатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар да айтылды. Биыл 2240 өтініш тіркеліп, олардың көп бөлігі бөлшек сауда, білім беру, туризм және электрондық сауда саласына қатысты болған. Өтініштердің нәтижесінде тұтынушыларға 165 млн теңге қайтарылып, шағымдардың 89 пайызы қанағаттандырылған. «Сапалы өнім» қозғалысы аясында жүргізілген тексерістерде техникалық талаптарға сай келмейтін 5 тауар анықталып регламентке сәйкес келмейтіні анықталған, деді Ахметов Жеңісбек.
Облыста сауда саласын дамыту, бағаны тұрақтандыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, инвестиция тарту, базарларды жаңғырту және жәрмеңкелерді ұйымдастыру бағыттарында бірқатар түйткілдер бар екенін айтып, тиісті органдарға нақты ұсыныстар жолданғанын жеткізді.

