Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетCovidАлматы облысында соңғы тәулікте 11 оқушыдан вирус табылды

Алматы облысында соңғы тәулікте 11 оқушыдан вирус табылды

28 қазандағы жағдай бойынша облыста 55 096 зертханалық расталған КВИ жағдайлары тіркелген, оның ішінде 40 898 жағдайдың симптом белгілері бар.100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2577,7 құрады, деп хабарлайды Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3%-дан 0,2%-ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл-0,4%, Қаратал – 0,3%, Панфилов – 0,3%, Ұйғыр – 0,3% аудандарында және Қапшағай – 0,4%, Текелі – 0,4% қалаларында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 130 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 111 симптомдық және 19 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 130 жағдайдың 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 11-і оқушыларда 4-еуі студенттерден анықталып отыр.
Айта кетеу керек, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 905 020 доза, 2 компонентінен 895 150 доза алынды.
Бүгінгі күні 805 214 (67%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 726 724 (61%) тұрғын егілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments