Site icon Атамекен

Алматы облысында соңғы тәулікте 270 адамнан коронавирус анықталды

24 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 49 757 жағдай тіркелген, оның ішінде 36 216-ның симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2327,9 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6% — дан 0,5% — ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Кеген аудандарында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 270 жағдайы анықталған. Оның 47-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 43 және студенттер арасында 4-еуі тіркелген.

Exit mobile version