Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді

Алматы облысында тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді

Алматы облысында тамыз кеңесі «Білім беру технологиялары» тақыбырында өтеді.
Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының бөлім басшысы Алишер Сырым өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.
Ағартушылық жолда жүрген қауымның тәжірбие алмасу алаңына айналған бұл кеңеске өзге өңірлерден 155 педагог келеді деп күтілуде.
«Республикалық тамыз кеңесі аясында 24-25 тамыз күндері Есік қаласында Т.Молдағалиев атындағы мәдениет сарайы мен білім беру мекемелерінде секциялық және пленарлық отырыс өтеді, оған 700-ге жуық педагог және пленарлық отырысқа онлайн-режимде жалпы 20 мыңнан астам педагог қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жоба практикаға бағдарлана отырып жасалғандықтан, ұстаздар қауымына кәсібилік пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады деген ойдамыз»-деді Алишер Сырым
Жауаптылардың сөзінше, секция жұмысында «Edutest» орталығынан, БиС технологиясы бойынша кәсіби мамандар мен қатысушы педагогтер өзара пікір алмасып, ой бөлісетін болады.
Форумның пленарлық сессиялары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube ресми парақшаларында таратылады.
Тамыз кеңесі заманауи ықпалдастырылған қауіпсіз білім беру ортасын құру, оқытудың инновациялық технологияларын мектеп тәжірибесіне белсенді түрде ендіру, сапалы білім беруге бағыттау мақсатында өтеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments