Среда, 25 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Ұйғырауданында ақсақалдар, этномәдени бірлестіктер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау, өскелең ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғауға назар аударып, бұл болашақ ұрпақтар үшін өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасауды және табиғи ресурстарды сақтауды маңызды деп есептейді.

Шараның тақырыбы — «Тазалықденсаулық пен сәттілік кепілі» . Іс-шараға НПО өкілдері,этномәдени бірлестіктер, ақсақалдар мен жастар белсенді түрде қатысты. Мұндай шаралар қоғамды нығайтуға және табиғатты қорғауға деген назарды арттыруға көмектеседі.

2024 жылы бастауын алған жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, Ұйғыр аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов сөз сөйледі. «Еліміздің болашағы жастардың қолында. Біз оларға үлгі болып, бағыт-бағдар көрсетуіміз қажет. Қазақта «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» — деген асыл сөз бар. Сондықтан бұл экологиялық бағдарламаға баршамыз белсенді ат салысуымыз қажет», — деп атап өтті Ербол Нұрсейітов.

Шара барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін, сондай-ақ бағдарлама аясындағы іс-шараларды ұлғайту жолдарын талқылады. Эко-білім беруді дамыту, сенбіліктер өткізу және аумақтарды көгалдандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар осы бастамаларға белсенді түрде қатысуға және табиғат пен қоғам игілігі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Реализация экологической политики в Алматинской области

В рамках реализации экологичекой программы «Таза Қазақстан» в Уйгурском районе Алматинскойобласти проведен круглый стол с участием аксакалов, этнокультурных центров, молодежи и общественных организации. Основная цель мероприятияподдержание чистоты окружающей среды, проведение агитационной работы среди подрастающего поколения. Участники мероприятия уделили внимание решению экологических проблем и охране природы, считая, что для будущих поколений важно создавать благоприятные условия для жизни и сохранять природные ресурсы.

Тема мероприятия – «Чистотазалог здоровья и успеха». В мероприятии приняли активное участие представители НПО, этнокультурных объединений, аксакалы и молодежь. Такие меры помогут укрепить общество и повысить внимание к охране природы.

В поддержку общереспубликанской программы «Таза Қазақстан», начатой в 2024 году, выступил председатель Уйгурского районного совета ветеранов Ерол Нурсеитов. «Будущее нашей страны в руках подрастающего поколения. Мы должны служить им образцом для подражания и направлять их. Есть благородное слово «Бірігіп көтерген жүк жеңіл».Поэтому мы должны активно участвовать в этой экологической программе» — отметил ЕрболНурсеитов.

В ходе мероприятия участники обсудили актуальные вопросы экологии, а также пути усилениямероприятий в рамках программы. Были предложены конкретные шаги, такие как развитие эко-образования, проведение субботников и озеленение территорий. Участники мероприятия выразили готовность активно участвовать в этих инициативах и продолжать работу на благо природы и общества.

Алдыңғы мақала
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments