Пятница, 31 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Балхашауданында қоғамдық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны тазалап, оны әдемі әрі таза ету. Іс-шараға қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғауға назар аударып, бұл болашақ ұрпақтар үшін өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасауды және табиғи ресурстарды сақтауды маңызды деп есептейді.

Шараның тақырыбы — «Таза ақыл – таза орта» . Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, ақсақалдар мен жастар белсенді түрде қатысты. Мұндай шаралар қоғамды нығайтуға және табиғатты қорғауға деген назарды арттыруға көмектеседі.

Бұл іс-шара экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі және адамдарды өздерінің елді мекендерінде тазалықты сақтау үшін тұрақты түрде күш салуға ынталандырады.

«Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Скабаев Бахыт Скабаевич сөз сөйледі. «Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасына бір жыл толады, осы уақыт аралығында бірлесіп бірқатар жұмыстар атқардық. Қазақта «Бірігіп көтерген жүк жеңіл»-деген асыл сөз бар. Сондықтан, алдағы уақытта да бірлесіп, табиғатымызды қорғау бағытындағы игі шаралар жалғасатынына сенімдімін», — деп атап өтті Бахыт Скабаев.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін, атап айтқанда ауаның, судың және топырақтың ластануын, сондай-ақ осы мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Эко-білім беруді дамыту, сенбіліктер өткізу және аумақтарды көгалдандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар осы бастамаларға белсенді түрде қатысуға және табиғат пен қоғам игілігі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments