Вторник, 23 апреля, 2024
Басты бетСпортАлматы облысында Ұлттық спорт жоғары деңгейде ұлықталып келеді

Алматы облысында Ұлттық спорт жоғары деңгейде ұлықталып келеді

Биыл Алматы облысында ұлттық спорт түрлерін дамытуға бюджеттен 400 млннан аса қаражат бөлінген. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді.

Облыста Ұлттық спорт түрлерінен 774 секция  бар. Оларда 39 291 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл өңірдегі жалпы салауатты өмір салтын ұстанушы халық санының  7,3 %. Ұлттық спортты кәсіби түрде дамытумен Қарасай ауданындағы  ат спорты мектебі мен Талғардағы дирекция айналысады. Аталған мекемелерде 1600 спортшы бар. Оларды 45 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

«Нарынқолдан бастап барлық аудан-қалада филиалдар бар. Олар аударыспақ, жекпежек, көкпар спорт түрлерінен арнайы бапкерлер балаларды жаттықтырып жұмыс жасайды», — деп спикер айтты.

Қазіргі таңда өңірде теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, садақ ату сынды ойындарды насихаттау басты назарда. Ол үшін әр аудан-қалада спорт мектебінің филиалдары жұмыс істейді. Мекемелер қажетті материалдық база мен жаттықтырушылармен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы облыста ұлттық спорт түрлерінен 2 халықаралық, 15 республикалық, 45 облыстық, 135 аудан, қалалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2023 жылдың I-тоқсанында 1 республикалық, 11 облыстық, 23 аудан, қалалық жарыстар өтті. Алматы облысында өтетін «Сонар», «Жетісу Жүйрігі», Жеңіс күніне арналаған спорттық жарыстар сынды  ірі турнирлер республика көлеміндегі дәстүрлі мерекеге айналған. Биыл да алға алған жоспар жетерлік.

Ұлттық спорт түрлерінен Алматы облысы спортшылары әлемдік аренада өңір атын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Әсіресе, көкпар, аралас жекпе жек, садақ атудан жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Бүгінде спортшылар келер жылы Елордада өтетін «Көшпенділер» ойындарына қызу дайындық үстінде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments