Вторник, 24 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңынданда Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының байланыс және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Айгүл Бекетова айтты.
Спикердің айтуынша, уақытылы жасалған төлемге сапалы қызмет ала алмау азаматтардың наразылығын тудырады. Байланыс сапасы қанағаттандырмайтын жағдайларда тұрғындар ең алдымен байланыс қызметін ұсынатын операторға хабарласуы керек. Біздің елімізде қазіргі уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС «КаР-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ сынды 3 мобильді байланыс операторы қызмет көрсетеді, олардың әр қайсысының өтініштерді қабылдайтын қысқа байланыс номерлері бар.
«Байланыс орталықтарына қоңырау шалу мәселені шешпеген жағдайда азаматтар ресми өтініш жазуға құқылы. Абоненттер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына шағымдарын жеткізе алады,-дейді Айгүл Бекетова.
«Қаржыны қалтадан қағып алатын байланыс операторларына жүген жоқ па?», деген сауалға бас спикер жоспардан тыс тексеріс, абоненттердің шағымы түскен кезде ғана жүргізілетінін айтты. Аталмыш тексеру жұмыстары кезінде арыз иелерінің жеке деректері көрсетіледі екен. Сондай- ақ, елді мекендегі байланыс сапасына тергеу амалдарын жүргізу белгіленген ереже аясында ғана жүзеге асатынын алға тартты. Оның айтуынша, елді мекенді ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етуші оператордың лицензиялық міндеттемелері шеңберінде ғана тексеру жұмыстарын жүргізе алады.
Бүгінгі күні Алматы облысында өкілетті орган мен байланыс операторлары арасында «250+» жобасын іске асыру жөнінде меморандум жасалды. Нәтижесінде, мобильдік операторлар радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін салық мөлшерлемесін төмендету есебінен 250 және одан жоғары халқы бар елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етуге міндетті болмақ.
Сонымен қатар, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1000 аса тұрғыны бар ауылдарды 2G стандартындағы байланыспен, 10 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендерді 3G стандартының мобильді кең жолақты интернетімен, ал 50 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендер мен аудан орталықтарын 4G стандартты интернетпен қамтамасыз ету қарастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments