Өңірде «Әділет» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтіп жатыр. Бастама аясында волонтерлер аға буын өкілдерінің шаңырағына барып, күнделікті тұрмысына көмектесуде.
Акция Қонаев қаласында да жалғасты. Партия волонтерлері қала тұрғыны Надежда Николаевнаға арнайы барып, үй шаруасына қолғабыс етті. Үйін жинап, қол күші қажет жұмыстарды атқаруға көмектесті.
Кездесу барысында волонтерлер қариямен әңгімелесіп, өмір жолы мен естеліктерін тыңдады. Надежда Николаевна жастардың ықыласына ризашылығын білдірді.
«Жастардың арнайы келіп, үй шаруасына көмектескеніне көп рақмет. Үлкендерді ұмытпай, осылай көңіл бөліп жүргендеріңе қуаныштымын. Барлығыңа амандық, еңбектеріңе береке тілеймін», – деді Надежда Николаевна.
Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы Алматы облысының өзге де елді мекендерінде жалғасады. Бастама аясында «Әділет» партиясының волонтерлері аға буын өкілдеріне күнделікті тұрмыста қажет көмегін көрсетіп, үлкенге құрметті нақты іспен көрсетуді көздейді.

