Бұл туралы ТЖД өкілдері өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Мамандардың ақпарынша, жыл басынан орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 10 өрт оқиғасы тіркелді.
Табиғи өрттің ауы-райының қолайсыздығынан, дала алқаптарындарында азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр. Осыған байланысты департамент қызметкелері рейдтік іс-шараларды өткізу үшін білек сыбанып отыр. «Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі ,орман мекемелері мен ЖАО-дан 51адамнан тұратын 10 мобильдік топ құрылды деп мәлімдеді», — деді ТЖД өкілі Самат Кенжехан.
Өрттің қауіпті кезеңі 2 наурыздан 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы кезең аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде 182 үгіт материалдары таратылады. Бұл жұмыстар тек әлеуметтік желілер арқылы ғана емес , оқу орындарында түсіндірме жұмыстары арқылы жүргізіледі.