Алматы облысында өрт қауіпті кезеңбасталғалы мобильді топ 432 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде 38 жеке және заңды тұлғаәкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпысомасы 4 млн 381 мың 670 теңге айыппұлсалынды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы облысы ТЖД МӨББ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Айғаным Мусекенова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, өңірде өрт қауіпті кезең басталғалы орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында бұталы өсімдіктердің 37 рет жану фактісі тіркеліп, өрт 4 951 гектар жерді қамтыған. Келтірілген залал 15 млн 762 мың теңгені құрады.
– Өрт қауіпті кезеңде негізгі міндеттердің бірі – аумақтарды құрғақ өсімдіктерден тазарту, минералдандырылған жолақтар жасау, күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету жәнепрофилактикалық жұмыстарды күшейту. Соныменқатар өрт шығуына кінәлі тұлғаларды анықтап, тиісті жауапкершілікке тартуға ерекше назараударылуда, – деді Айғаным Мусекенова.
Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуынбақылау мақсатында облыстың әр ауданындаазаматтық қорғау органдары, полиция, орманшаруашылығы мекемелері мен жергілікті атқарушыоргандар қызметкерлерінен мобильді топтарқұрылған.
– Профилактикалық жұмыстар да күшейтілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігібойынша 652 сөз сөйлеу ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде 913 ақпараттық материал жарияланды. Ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілер, шаруа қожалықтары жәнетұрғындармен 591 кездесу өткізіліп, оған 3,5 мыңнан астам адам қатысты, –деді спикер.
Өрт қаупі жоғары аумақтарда 9 арнайы бақылау бекеті жұмыс істеп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жағдай күрделенген жағдайда қосымша авиациялық техника тарту қарастырылған.
Сақтық шаралары 1 қарашаға дейін жалғасады. Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жеручаскелері мен оған іргелес аумақтарды құрғақ шөппен қоқыстан тазартып, өрт қауіпсіздігі талаптарынқатаң сақтауға шақырады.

