Site icon Атамекен

Алматы облысында 2, 165 шақырым жылу желісі жөнделді

 

Баға бағамы өзгеріп, жалақы өсіп, шикі заттың бағасының артуы коммуналдық қызметтердің тарифінің өзгеруіне ықпал етеді. Алматы облысында электр энергиясының құны 28,64 теңгеден 31,36 теңгеге өсті. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Барлық Әдепханұлы айтты.
Нарыққа сай табиғи монополия субъектілері тарифтері өзгергенімен облыста бағаны тұрақтандыру үшін жан-жақты жұмыс жүріп жатыр. Департамент басшысының сөзіне сенсек, табиғи монополия субъектілердің бекітілген тарифтік сметаларын және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша талдау жүргізеді екен. Талдау қорытындысымен 20 субъектіге 30 қызмет бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, қолданыстағы тарифтер 0,13 пайыздан 62 пайызға дейін төмендетіліп, тұтынушыларға 194 млн. теңге қаржы қайтарылған.
«2023-2024 жылдарында жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға 16,2 млн. тг мөлшерінде сома қайтарылды»,-деді Барлық Әдемханұлы.
Тариф бағасы тым құбылмалы. Мәселен, 2024 жыл ішінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясының бағасы ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 15 қазанында 2 рет өзгерді. Бүгінгі күні халық электр жарығы үшін кВт/сағатына 30,90 теңге төлейді. Тариф үшін баға өсіп, одан түскен түсім жүйелерді жаңғыртуға бағытталады екен. Бұл іс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында іске асады.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу, су және сарқынды суды бұру желілерін жаңғырту үшін инвестициялар тартуды, табғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуды көздейді. Мұндай шаралар желілердің тозуын азайтуға және тұтынушыларға көрсетілетін реттелетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді»,-деді спикер.
Жыл басынан бері сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне бойынша инвестицияларға айырбастау тарифі бағдарламасы бойынша – 50,51 млн. теңге, жылумен жабдықтау қызметі бойынша — 114 млн. теңге, элетроэнергияны тасымалдау бойынша – 38,553 млн. теңге игерілді. Бағдарлама аясында 2,165 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді.
Алматы облысының басты ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында тариф бағасынан бөлек, жылумен қамтамасыз ету және электрэнергетика бойынша атқарылған жұмыстар жайында ой өрбіді.
Энергетика және эенергия үнемдеу бөлімінің басшысы Ержан Бейбітұлының айтуынша, облыста жылу беру маусымына дайындық талапқа сай жүргізілген. Биыл 43 қазандық жөнделіпті.
Бұдан бөлек, Талғар ауданындағы блок-модульді қазандыққа қатысты мәсчеленің түйіні тарқатылуға жақындаған. Ержан Бейбітұлының сөзіне сүйенсек, Талғар ауданында 53 қазандық салынбақ, бүгінгі күні құжаттары дайын тұр. Жоба толық іске асса, 110 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтылады.
Сонымен қатар, аудандарда 10 қосалқы станция салу көзделген. Ол салынған бойда жарық үздіксіз беріліп, халық электр энергиясынан тарықпайтын болады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 млрд. теңгеге жетіп жығылады.

Exit mobile version