Облыстың денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.
«10 айда жалпы өлім-жітім 5,6%-ға (1 мың адамға шаққанда 6,38-ден 6,02-ге дейін), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2,1%-ға азайды (48,20-дан 47,20-ға дейін). Ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024-25 жылдары 38 медициналық нысан салу көзделуде», – деді өңір басшысы.
Қонаев қаласында 800 төсектік көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, қалалық аурухана жанындағы инфекциялық блок салу жоспарланған.
Халыққа медициналық көмекті 398 медициналық ұйым көрсетеді (оның 58-і жеке). Медициналық жабдықтармен жабдықталу – 91% – 4, автокөлікпен – 44% – 4.
«Биыл «Қазақстан Халқына» қоры 1,1 млрд. теңге тұратын 2 жылжымалы медициналық кешен сыйға тартты. Олар жапондық компьютерлік томографпен, цифрлық маммографпен және УЗИ аппаратымен жабдықталған. Кешендер шалғай ауылдардың тұрғындарын скринингтен өткізіп жатыр», – деді облыс басшысы М. Сұлтанғазиев.