Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 258 оқушы пәндік олимпиада жүлдегері атанды

Алматы облысында 258 оқушы пәндік олимпиада жүлдегері атанды

Алматы облысында республикалық пәндер олимпиадасының үшінші облыстық кезеңінің жабылу салтанатыны өтті. Білімділер бәсекесінде 582 бала бақ сынаған еді, олардың 258-і жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Оқуда оза шапқан жас өрендерді өңірдің бас ұстазы Салтанат Беспаева құттықтап, арнайы дипломдарды табыс етті.
«Бір апта бойы өткен білім сайысында дарынды оқушыларды жеңісімен құттықтаймын. Олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңінде 6 мыңға жуық оқушы қатысса, облыстық кезеңде 582 оқушы сынақ тапсырды. Білім сайысының барлық кезеңінде ашықтық пен академиялық адалдық талаптары сақталды. Олимпаиданың қос кезеңіде оңай болған жоқ. Бұл сынаққа дайындық тек мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, терең зерделеуді қажет екенін ұғындырды. Сіздер еліміздің нағыз «Алтын қорысыздар». Ел ертеңі өздеріңіздің қолдарыңызда»,-деді құттықтау сөзінде Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы.
Артынша ол білім теңізінде еркін жүзген жас дарындарға лайықты марапатын тапсырды.
Облыстың «сен тұр, мен атайын» деген жастары жиналған білімділер додасында оза шыққандардың бірі Есік «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мүслім Халел.
«Олимпиадаға 4 жыл қатарынан қатысып келе жатырмен. Мен математика бойынша тест тапсырдым. Тапсырмалардың деңгейі оңай деп айтуға келмейді дегенменде, бұл сында сүрінбегеніме қуаныштымын. Мені дайындап, қолдау көрсеткен жетекшім Адикей Әлібекұлына алғысымды білдіремін»,-дейді олимпиаданың 1 орын жүлдегері Мүслім Халел.
Естеріңізге саламыз, өңірдің ең зияткер оқушылары 13-18 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы саны 15 пәннен сынақ тапсырды. Олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілді.
Темірдей тәртіпте ұйымдастырылған бұл сайыста сүрінбегендер лайықты тұғырларынан көрінді.
«Олимпиаданың талабына сәйкес, қатысқан оқушылардың 45 пайызы жеңімпаз атанды. Оның ішінде жеңімпаз оқушылардың 20 пайызы 1 орын, екінші орынды қатысушылардың 30 пайызы иеленсе, қалған 50 пайызы 3 орыннан көрінді»,-деді «Жас дарын» орталығының директоры Диана Тетенқызы.
Айтк кетейік, алдағы наурыз-сәуір айларында Шымкент қаласында Ресупбликалық олимпиада өтеді. Оған Алматы облысынан жаратылыстану-математикалық бағытында 38 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 36 бала сынақ тапсыратын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments