Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 300-ден көп оқушысы бар мектептер онлайн оқиды

Алматы облысында 300-ден көп оқушысы бар мектептер онлайн оқиды

Алматы облысында 300-ден көп оқушысы бар мектептер онлайн оқиды деп хабарлайды Атамекен газетінің тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мектеп оқушылары 17 қаңтарға дейін демалыста. 17 қаңтардан кейін 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі»,- делінген ведомствоның Фейсбук парақшасына жариялаған хабарламасында.
Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төмендегі нысандар көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейді.

Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті. ««Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жанар-жағар май құю бекеттері ашық. Екінші деңгейлі банктер іске кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмысқа кірісті«,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны өткен тәулікте күрт өсті. 257 адамнан аталған індет анықталды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments