Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері үстеме ақы алды

Алматы облысында 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері үстеме ақы алды

 

Ақ халатты абзал жанның абыройы халқының құрметінде. Иә, өлім мен өмір арасында жатқан жұмыр басты пендеге көмек қолын созушы мамандық иелері дәрігерлер. Бұқараның қамы деп қалтқысыз қызмет етеміз деген маман иелерінің қоғамдағы беделі қандай? Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков айтып берді.

Жауапкершілік жүгін арқалаған жандардың біліктілігі сыналған шақ пандемия кезі болды. Төбемізден топ етіп түскен індет елді әбігерге салғаны анық. Аурухана іші лық толы, ертеңіне алаңдап, дәрігерге үмітпен қараған пенделердің көзқарасы, бұның бәрі сала мандарының біліктілігінен бөлек, психологиялық тұрғыда мықтылығын сынап жатты. Дүрбелеңнің алғашқы кезеңінен сүрінбей өттік, ел аздап есін жиды. Дегенмен, ақ халаттыларға деген елдің көзқарасы айтарлықтай өзгермеді. Елдің жанына арша болып жүрген дәрігерлер қарашадан зардап шегіп жатты.

Мәселен, Қарасай, Ескелді, Талғар аудандарындағы медицина қызметкерлері жапа шеккені анықталған еді. Сол себепті, біздің сөзге арқау болған дәрігерлер қауымының құқығының заңмен қорғалуы керек-ақ.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың мәліметінше, басын қатерге тігіп, адал қызмет еткен 4 мыңға жуық сала манадарына 1 млрд. 295 млн. теңге үстеме ақы берілген.

«Covid-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің тізімін жұқтыру қаупі бар топтарға сәйкес анықтады. Бір ставканың сомасы 850 мың теңгені құрайды. Жалпы, Алматы облысында 20 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді», — деді Өмірзақ Ниязбеков.

Айта кету керек, коронавирустық пандемия қоғамға медицина мен дәрігерлердің шынайы рөлін көрсетті, біздің медицина қызметкерлері пандемияның алғашқы толқынында посттар ұйымдастыруға қатысты, бірнеше айға дейін қызыл аймақта болды, қазіргі уақытта халық арасында вакцинацияны белсенді жүргізуде.
Алматы облысында вакцинация қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда 470 218 адам I компонентпен егілді, 258 043 адам вакцинацияны екі компонентпен аяқтады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments