ҚР Білім министрінің тапсырмасы бойынша облыс мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілгені туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиенбай баспасөз мәслихатында айтты.
Облыс бойынша мониторинг жұмыстары 6 талап бойынша жүргізілген.
•Атап айтсақ, білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу;
o білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік;
o білім беру ұйымдарында жылы санитарлық тораптардың (дәретханалардың) болуы;
o білім беру ұйымдарында спортзалдар мен асханалардың болуы;
o жаңа модификациядағы пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері;
«Мониторинг нәтижесінде облыстың 10 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 6 айдан 11 айға дейін. 2023 жылдың соңына дейін 2 білім беру нысанын, 2024 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарлануда.
Одан бөлек облыс бойынша барлық стандартқа сай 415 мектеп оқу жылына дайын тұр»,-деді Ержан Жиенбай.
Айта кетейік, аймақта 16 мектепте мамандандырылған күзет енгізілген. 138 мектепте кіруді бақылау жүйесі іске қосылған. 398 мектепте полиция пультіне қосу арқылы дабыл түймелері орнатылған.