Site icon Атамекен

Алматы облысында 484 байқаушы арнайы оқудан өтуде

Жетісу өңірі бойынша ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында тәуелсіз бақылаушыларды оқыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
«Біздің аймақта 484 байқаушы арнайы оқудан өтуде. Біздің мақсатымыз — алдағы сайлаудың заңға сәйкес ашық өтуіне өз үлесімізді қосу», — дейді «Бейпартиялық сайлау орталығы» облыстық филиалының басшысы Жанат Төлемісова.
Кеше Журналистер Үйінде азаматтық сектор белсенділері мен аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі өкілдерінің қатысуымен сайлау процестері бойынша оқыту семинары өтіп, барлығы 34 адам қатысты. Оқыту семинарының мақсаты — электоралдық оқыту арқылы бақылаушылардың құқықтық мәдениетіне қол жеткізу, халықтың сайлау компанияларына белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Семинарда сайлау науқандары бойынша үлкен тәжірибесі бар, белгілі тренер Мелдешов Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді. Семинар барысында интерактивті роликтер көрсетіліп, қатысушыларға жадынамалар мен блокноттар және сертификаттар тапсырылды.

Exit mobile version