Жыл басынан 4938 бас қаңғыбас иттер мен 47 мысық ауланды. Оның ішінде 700-ден астам жануар иелеріне қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммунакациялар қызметі алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді.
Спикердың айтуынша, биыл бұралқы жануарлардан мыңнан астам адам жарақат алған. Олардың 711-і 14 жасқа дейінгі балалар. Қаңғыбас төртаяқтылардың тең жартысынан астамының иелері. Жалпы, өңірде бұл тұрғыда жүйелі жұмыс қолға алынған. Мәселен, биыл олқылықтың орнын толтыру үшін 108,2 млн теңге қаражат бөлінген.
«Оларды ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары 553 тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аясында 186 ескерту беріліп, 8,7 млн теңге көлемінде 367 тұрғынға айыппұл салынды. Қазірде көпшілікке заң талаптарын түсіндіру жұмыстары қызу. Жануарларды қорғау ұйымдары мен облыстың мемлекеттік органдары арасында бірлескен жұмыс жоспары бекітілді. Алматы қаласының әкімдігі мен екі жақты ынтымақтастық меморандумы бекітілді», — деді Нұртас Қиялбеков
Қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру ісі аудандарда қарқынды жүргізіліп жатыр. Мұнымен қоса, қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру да қолға алынған. Бүгінде үй жануарларына арналған баспаналарды, уақытша ұстау пункттерін салуды және оларды қаржыландыру аудан, қала әкімдігінің құзіретіне кіреді. Бұл тұрғыда 5,3 га жер телімдері бөлінген.
Атап айтқанда, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай және Райымбек аудандарында жер телімдерінің мемлекеттік актілері дайын. Қалған аудандардың мемлекеттік актілері әзірлену үстінде.