2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде Алматы облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҮЕҰ консалтингтік орталығының қызметін ұйымдастыру туралы 2021-2023 жылдарға арналған лот қарастырылған. Мемлекеттік сатып алудың заңнамалық талаптарын сақтай отырып, осы жобаны іске асырудың басталуы 2021 жылдың тамызына сәйкес келді және 2022-2023 жылдар аралығында жалғасады. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Өңірлік ҮЕҰ-мен желілік жұмысты ұйымдастыру үшін (барлық 20 аудан мен қалада) жергілікті жерлерде азаматтық сектормен тиімді өзара іс-қимыл жасау және кері байланыс орнату үшін аудандық үйлестірушілер айқындалатын болады.
«Жоба аясында Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы бес номинация бойынша «Тұрақты даму мүддесіндегі әлеуметтік проблемалардың шешу» тақырыбында жыл сайынғы «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2021» облыстық конкурсын жариялайды. Байқаудың қазылар алқасы қаржыландырудың жалпы сомасы 10 млн. теңге болатын ең үздік 10 әлеуметтік жобаны іріктейді. Әрбір жеңіп алынған грант бойынша әлеуметтік жобалардың басталуы мен іске асырылуы туралы бейнефильм түсірілетін болады. Жыл соңына қарай ҮЕҰ облыстық форумында қоғамдық ұйымдар жүзеге асырған ең үздік жобалар сыйлықтармен марапатталады»,-деп атап өтті Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығының басшысы Жанат Тулемісова
Айта кетейік, аймақта өңірлік ҮЕҰ-ды одан әрі институционалдық дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні облыста барлығы 500-ден астам белсенді ҮЕҰ жұмыс істейді.