Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 582 оқушы пәндік олимпиадаға қатысуда

Алматы облысында 582 оқушы пәндік олимпиадаға қатысуда

Алматы облысында білімге жүйрік 9-11 сынып оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде бақ сынауда.

Білімділер бәсекесіне 582 оқушы қатысты.
Қатысушылардың 285-і жаратылыстану-математикалық, 297-сі қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша сынақ тапсырады.

Айта кетейік, аталмыш олимпиада Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы физика-математикалық мамандандырылған лицей-интернат базасында 13-18 ақпан күндері өтеді.

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, 12-18 ақпан аралығында шалғай жатқан Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Балқаш аудандарынан келген оқушылар интернатта тұрып, емтиханға қатысса, қалған 5 аудан мен 1 қаланың оқушылары күнделікті кесте бойынша жол-полиция қызметкерлерінің қадағалауымен тасымалданатын болады.

«Өткен аптада олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Оған жалпы саны 6 мыңға жуық оқушы қатысты, соның ішінде ең үздік 582 бала облыстық кезеңге жолдама алды. Олимпиада «Ел үміті» платформасы арқылы электронды түрде өтеді. Білімділер бәсекесіне қойылған талап қатаң. Мұнда барлық әрекеттер, бейнебақылау жүйесіне жазылып, отырады. Қазіргі кезде академиялық адалдықты сақтау үшін ютуб арқылы тікелей көрсетілім жүріп жатыр. Талаптарды бұзып, қолдануға тыйым салынған заттарды кіргізген оқушының тестілеу нәтижесі жойылады»,- деді «Жас дарын» орталығының директоры Диана Тетенқызы.

Естеріңізге саламыз, қатысушылар тест нәтижелеріне келіспеген жағдайда 15-і және 18-і ақпан күндері апелляциялық шағым түсіре алады.
Жауаптылардың айтуынша, олимпиада шартына сәйкес, олимпиадада бақ сынаған оқушылардың 45%-ы жеңімпаз атануы тиіс.

Негізгі, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 21 ақпанда Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы мәдениет үйінде өтеді, марапаттауға 300-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments