Аймақта коронавирус өршуде. Тағы да 300 адам бір тәулікте індет жұқтырды. Ал, осы уақытқа дейін 36 123 жағдай зертханалық расталған.
КВИ өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде бір деңгейде қалып отыр — 0,9%.
Естеріңзіге саламыз, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түсті.
Бірінші компонентпен 607 007 адам егілді, екіншісімен – 470 625. Вакцина алған адамдар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 12 093, медицина қызметкерлері – 23 507, педагогтар – 38 787, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 5082 және басқа да қызмет салаларының өкілдері – 479 681 адам.