Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 9  мыңнан астам нысан "Ashyq" бағдарламасы арқылы жұмыс жасайды

Алматы облысында 9  мыңнан астам нысан «Ashyq» бағдарламасы арқылы жұмыс жасайды

Алматы облысында 9399 нысан «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болып табылады. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 5478 субъектісін қамтып, қосымшаны дұрыс есем пайдалану фактілері анықталды, тиісінше жобаның 997 қатысушысы «Ashyq»платформасынан шығарылды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 10 маусым мен 21 қыркүйек аралығындағында біздің облыс азаматтарынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3398 адам анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 2534 адам және «сары» мәртебесі бар 864 адам тіркелді.
«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 200 480 теңге сомасына 96 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 315 қаулы берілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments