Site icon Атамекен

Алматы облысынында 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

Өңірлік кадр резерві жобасының негізгі мақсаты — аймақты дамытуға талантты жастарды тарту. Жобаның бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Абзалұлы айтты.
Баспасөз-мәслихаты барысында Мұрат Мәдіғұлов қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарды атап айтты. Сонымен қатар, өблыста өңірлік резервке 4 бағыт бойынша 15 адам қабылданатыны айтылды. Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік салалар сынды 4 бағытты дамытуға өз үлесін қосатын жастар таңдалып алынатын болады.
Басты талаптарға тоқталатын болсақ, жас басқарушыларға 35 жастан аспайтын,жоғары білімінің, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуын айқындау ұсынылады.
«Елімізде жастарды қолдауға арналған түрлі жобалар бар. Солардың бірі — өңірлік кадр резерві жобасы. Қазіргі таңда, озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге де, облысымызға да өте қажет. Байқаудың әрбір кезеңінің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады. Сондай-ақ іріктеудің өту тілін және әр кезеңге қатысатын күні мен уақытын таңдау кандидаттардың құзыретінде. Жоба барысында жастар резервте 2 жыл көлемінде бола алады,-деді Мұрат Бақыткерімұлы.
Арсен Абзалұлы жоба қатысушысы болу үшін қандай кезеңдерден өту қажет екенін түсіндіріп өтті. Алдымен құжаттарды қабылдау кезеңі басталып, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу жүргізіліп ,құзыреттерді бағалау мен комиссиядағы құрылымдық сұхбат өткізіліп, соңғы кезеңде резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.
Еске саламыз, кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz сайтында тапсыра алады.

Exit mobile version