Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт мәлім етті.
Департаментпен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сатып алуларына жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Бұл бағыттағы негізгі құрал — «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі.
Жоспарланған тауарлардың бағалары орташа нарықтық бағалармен салыстырылады. Сәйкесінше, бағаны көтеріп жіберген жағадайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ұсыныстар енгізіледі.
Тек осы жылдың нәтижесінде облыс бойынша 1,2 млрд қаражаттың тиімсіз пайдалануының алды алынды.
Мәселен, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бейнеконференцбайланыс жүйесін бір дана үшін 50 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған, ал бұл өнімнің орташа құны шамамен 4,1 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде сатып алу тоқтатылды.
Сонымен қатар, бірінші орынбасары әкімшілік тәжірибе туралы хабардар етті.
Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды.
Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 968 000 теңгені құрап, толығымен өтелді.