«Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сəйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауылдық округтер əкімдерін сайлау өтеді.
Сайлау науқаны Алматы облысы Жамбыл ауданының 2 округінде өтеді: Шиен жəне Үлгілі. 2021 жылғы 25 маусымда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 шілдеге 2 ауылдық округте сайлау тағайындау туралы қаулы қабылдады. Сайлау тағайындау,сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан əкімдігінің сайтында орналастырылған жəне аудандық «Атамекен» газетінде 2021 жылғы 26 маусымында жарияланды.Атамекен №25 ПДФ
Сайлауда 1 аумақтық жəне 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. 2 округ бойынша сайлаушылар саны 4494 адамды құрайды.
2021 жылдың 26 маусымынан бастап
əкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі
аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан əкіміне тиесілі.
2021 жылдың 1 шілдеге 2 кандидат өзін- өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Əкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021
жылғы 9 шілдеге дейін жалғасады.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы.