Site icon ATAMEKEN

Алматы облысының Жамбыл ауданында 15 медициналық нысан қолданысқа өтті

 

Жамбыл ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда ауданда 62 медициналық нысан тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Ертас баспасөз мәслихаты барысында айтты.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудан аумағында 16 медициналық нысанның құрылысы қолға алынған. Бүгінгі күнге дейін оның 15-і толық аяқталып, пайдалануға берілді. Ал Үлкен ауылындағы медициналық нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, Ұзынағаш ауылындағы аудандық емханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл мақсатқа 3,9 млрд теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді. Жаңартылған медициналық мекеме аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Ауданда денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі басымдық шалғай ауылдардағы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған»,-деп қорытындылады аудан әкімі Нұрлан Ертас..

Exit mobile version