Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысының жаңа оқу жылына дайындығы қандай?

Алматы облысының жаңа оқу жылына дайындығы қандай?

Өңірде биылғы оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын білу мақсатында тілшілер облыстық білім басқармасынан ақпарат алды.

1-сыныпқа қабылдау (жирный)

Былтыр 1-сыныпқа 37 015 бала қабылданса, биылғы болжам бойынша 38 700 бала мектеп табалдырығын аттамақ.

Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылдауға 35 452 баланың ата-анасынан өтініш түскен.

Тегін тамақпен, мектеп формасымен қамту (жирный)

Биыл 143 387 бала бастауыш сыныпта оқиды деп жоспарланып отыр. Олар қыркүйектен бастап тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 4,3 млрд. тг қаражат бөлінді.

Ал әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 52 305 оқушыны мектеп формасымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд. теңге бөлінді (әр балаға 40 567 теңгеден). Қаржы 15 тамызға дейін барлық ата-аналардың шотына аударылады.

12 тамызда Есік қаласында, 19 тамызда Талғар қаласында мектеп жабдықтарын, форма сату жәрмеңкелері өтеді.

Оқулықтармен қамту

Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етуге 3 млрд. 624 мың теңге бөлініп, 14 баспамен келісімшарт жасалды.

Оқулықтар қоры жаңартылып, барлық білім ошақтарына тамыз айының соңына дейін баспалардан тасымалданып, таратылады.

Оқушылар тасымалы (жирный)

Шалғай орналасқан ауылдардан, саяжайлардан оқушыларды мектепке тасымалдау үшін 36 автобус сатып алынды.

Оқу ошақтарындағы қауіпсіздік (жирный)

Өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде 100% бейнебақылау камералары орнатылған. 369 мектепте (99%) дабыл түймелері қойылған, 107 (28,8%) мекемеде бейнебақылау камералары полицияның жедел басқару орталықтарына қосылған. 123 мектепте (57,7%) турникеттер орнатылған, 18 мекемеде (8,5%) лицензияланған күзет енгізілген.

9 мектеп ашылады (жирный)

Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу бағытында былтырдан бері 16 мектеп салынып жатыр. Биыл оның 9-ы ашылады. Қалған 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 2 мектептің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 26 мектеп құрылысы басталды.

«Білім-Инновация» жобасы (жирный)

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен әлеуетін жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, жоба жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 756 млн. теңге қаражат бөлінді. Жобаға 50 мектеп, 65 917 оқушы және 2 500 мұғалім тартылады. Сонымен қатар аталған 50 мектептің 3-де материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Модернизация (жирный)

Өткен жылдан бері мектептерді модернизациялау қолға алына бастады. Биыл 78 мектепті жаңғыртуға 6,7 млрд. теңге қарастырылды. 70 мектепке заманауи 86 кабинет, 78 мектеп кітапханалары үшін көркем әдебиеттер, стеллаждар, компьютерлік техника сатып алынады. 5 мектептің жиһазы мен 4 мектептің асханасы жаңғыртылады. 5 мектеп күрделі жөндеуден, 5 мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, былтырғы оқу жылының қорытындысына сәйкес, 425 мектепте 330 549 оқушы оқыды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments