Site icon Атамекен

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КАДРЛЫҚРЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРІ

20-21 тамыз аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы,  Арсен Жакуповтың төрағалығымен Алматы облысы кадр резервіне іріктеудіңоблыстық кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат кезеңі өтті.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеудіңбастапқы кезеңінде 237 адам қатысты.

Құрылымдық сұхбат кезеңіне 35 үміткер өтіп Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және өңірдің мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып белгіленген 4 базалық бағыттың бірін таңдап әзірлеген жобаларымен комиссияны таныстырды.

Сұхбат барысында үміткерлер агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік сала бағыттары бойынша жобаларын таныстырып, күтілетін нәтижелерді баяндады.

Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар.

Комиссия шешімімен 25 адамрезервке қабылданатын болады.

Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен салалық сарапшылар тартылды.

Облыстық кадр комиссиясыныңкелесі мүшелері қатысты:

Жакупов Арсен Абзалұлы —  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Мәдіғұлов Мұрат Бақыткерімұлы – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;

Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;

Мұсаев Мейрам Мирзанович – Алматы облысы тексеру комиссиясының мүшесі;

Копдикбаев Болат Исаханович — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, комиссия хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 наурыздан мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту, жауапты лауазымдарға білікті азаматтарды тағайындау мақсатында Өңірлік кадрлық резерв жобасы жүзеге асырылуда.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.

Exit mobile version