Site icon Атамекен

Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға 120 жас сақшы қатысты. Олар Қонаев қаласы мен Іле ауданындағы «жас сақшы» әскери-патриоттық сыныптарында оқиды.
Білімде озат, ісіне мығым, мақсаты айқын, болашағы жарқын өрендердің таңдауы да Ішкі істер саласымен тығыз байланысты.
Көздерінде от ойнаған, жалынды жас сақшыларды Алматы облысы ПД бастығы полиция подколковнигі Мейрам Әбікеев өзі қарсы алды.
«Полиция –балалардың қорғаны» деген ұстанымды тек ұран ретінде емес, күнделікті қызметіміздің бір бөлігі ретінде қабылдаймыз. Біз балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бар күшімізді салуға дайынбыз»,-деді Алматы облысы ПД бастығы полиция подколковнигі Мейрам Әбікеев.
Артынша, халықаралық және республикалық әскери-патриоттық сайыстарда топ жарған өрендерге арнайы Алғыс хат табыстады.
Ашық есік күніне келген жас сақшылар, арнайы жасақ пен кинологтардың қызметінен алынған көрініске куә болып, Полиция департаментінің бөліністерінің жұмысына шолу жасады.
Бұл келешегін ел іргесін қорғаумен байланыстырған өрендерге ерекше тарту болды.
«Ашық есік күнінде қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті, сонымен бірге әскери техниканы жақыннан танып,білуге мүмкіндік туды. Бұл сала маған қатты ұнайды. Болашақта криминалдық полиция құрамында қызмет еткім келеді»,-дейді жас сақшы Медина Болатжан.
Айта кетейік, облыстағы «жас сашқы» әскери-патриоттық сыныптарында 480 бала тәрбиеленуде. Дәстүрлі «ашық есік» күндерінде алдағы уақытта өзгеде оқушылар қонақ бола алады. Өйткені, балалар мен тәртіп сақшылары арасындағы сенімді нығайтып, достық көпірін орнату басты міндет.

Exit mobile version