Четверг, 27 ноября, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті

Алматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті

Алматы облысының экономикалық өсімі күшейіп, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Өңір әкімінің сөзінше, Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері өңір барлық негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге ұлғайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса ал 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,8%-ға жетті.

«Ірі өнеркәсіптік облыстарды озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болды. Барлық негізгі салада оң үрдіс сақталып отыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments