«Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған бағдарлама нәтижесінде су құбыры, кәріз жылу желілері мен электрмен жабдықтары жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысының орынбасары Гүлмира Утегенова мен Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Утельбаев айтты.
Департамент инвестициялық бағдарламалар мен тарифтерді қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту бойынша 4 табиғи монополия субъектісінің өтінімдерін өзгертті. Мәселен, 2023 жылға арналған «Конаев су арнасы» МКК бойынша қосымша инвестициялар 612,6 млн.тг құрайды.
«Табиғи монополиялар субъектілерінің 2023-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірде желілердің тозуы орта есеппен 13% — ға дейін төмендейді деп күтілуде. Қантарда желілердің тозуы бойынша жылу желілерінің 40 , Су құбыры 80, кәріз желілерінің 85 пайызға тозығы жеткен»,-дейді Гүлмира Утегенова
Сондай-ақ, бағдарлама аясында тариф құнымен бірге коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы ұлғайтылатыны айтылды.
«Инвестицияларды тарифке айырбастау бағдарламасын іске асыру үшін инвесторларды тарту белсенді жүргізілуде. Аталған бағдарлама инвесторлар арасында қызығушылық тудыруда. Келер жылы 9 ауылдың электр желілерін қайта құру бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы арқылы жоба іске асыру жоспарланған.Тарифтің өзгерісі шамамен 10 тиынға өседі»,-дейді Руслан Утельбаев