Site icon ATAMEKEN

Алматы облысы: Жамбыл ауданында 45,4 шақырым автомобиль жолы жөнделді

Жамбыл ауданында жол инфрақұрылымын жаңарту және ауылішілік көшелердің сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың сегіз айында аудан аумағында жол жөндеу жұмыстарына 3,1 млрд теңге бағытталды. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Ертас БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазірде аудандағы ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы — 915 шақырым. Оның 76,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл 16 нысан бойынша 60,7 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 45,4 шақырымы жөнделіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы Нұрлан Ертастың айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың күнделікті қатынауын жеңілдетіп, әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты жөндеу кезінде халық үшін маңызы жоғары бағыттарға, әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерге және көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге басымдық берілуде.
Ауданда жол жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Негізгі мақсат – жолдардың сапасын жақсартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету.

Exit mobile version