Елдің ертеңін ойлайтын әрбір адам – мемлекетшіл. Демек, олар референдум секілді маңызды істе шет жатпайды. Референдум халықтың өз таңдауын делдалсыз, тікелей білдіруі деген сөз. Мұндай тәсіл демократияның ең маңызды белгілерінің бірі.
Алматы облысы туралы айтпақпыз: ОСК-ның 12:00-дегі есебінше, Алматы облысының 40%-дан астамы дауыс беріп үлгеріпті. 1,6 млн-ға жуық халқы бар өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің алғашқылардың бірі болып дауыс берген. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Әр азаматтың таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығына негіз болады», – дейді облыс әкімі. Өңірде 677 дауыс беру учаскесі ашылса, жалпы 1 млн-нан астам адам дауыс беруге құқылы. Қазақстан өз дамуының маңызды бір кезеңінен өтіп жатыр. Алматы облысының азаматтары тұтас мемлекеттің саяси, құқықтық және қоғамдық жүйесінің іргетасы саналатын Конституция қабылдау ісінде белсенділік көрсетуде. Демеу Жадыраев секілді спортшылар келіп, ретрокөліктер шеруі өтті. Алматы облысында референдум креативті өтуде.


