2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысында экономикалық өсім көрсеткіші айтарлықтай жақсы көрсеткішке жетті. Барлық негізгі салаларда оң динамика сақталды, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жаңа мектептер салу және автомобиль жолдарын жөндеу жалғасуда, өңірдің инвестициялық әлеуеті артуда.
Дегенмен, алда көптеген міндет тұр. Олардың ішіндегі ең бастысы – экономиканың өсу қарқынын сақтау және өңір халқының өмір сүру сапасын жақсарту, – деп атап өтті әкімдік отырысында Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Облыс басшысының пікірінше, “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында толық қуатында жұмыс істемейтін бордақылау кешендері мен сүт-тауар фермаларын жұмысқа қосу қажет.
Ал құрылыс саласында тұрақты өсімның бар екенін жеткізді.Жалпы бұл салада жұмыс көлемі 14,5%-ға артып, 110,4 млрд теңгеге жетті. Тұрғын үйді пайдалануға беру айтарлықтай ұлғайтылды, 600 мың шаршы метрге жуық үй салынды. Әлеуметтік осал топтар үшін 21 миллиард теңгеге 1304 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Жалпы осындай оң үрдіске қарамастан, кейбір аудандарда экономикалық өсу бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Осы орайда облыс басшысы аудан әкімдеріне тұрақты өсуді қамтамасыз ету және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану жөнінде тапсырма берді.