Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Нұрсейітұлы Дәуітәлиев референдумға қатысып, өз таңдауын...

Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Нұрсейітұлы Дәуітәлиев референдумға қатысып, өз таңдауын жасады

Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Нұрсейітұлы Дәуітәлиев республикалық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді. Ол дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.
Қазыбек Нұрсейітұлы өз таңдауын сенім мен жауапкершілікке негіздей отырып жасағанын атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың пікірін білдіріп, мемлекет дамуының маңызды бағыттарын айқындайтын демократиялық құрал.
«Әрбір азаматтың дауысы – елдің болашағына қосқан үлесі. Сондықтан бүгін мен өз таңдауымды сенімге негіздеп, жауапкершілікпен жасадым», – деді ол.
Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы барлық азаматтарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуға шақырып, мұндай маңызды науқандар елдің тұрақты дамуы мен бірлігін нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments