Əсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің ұлағатты ұстазы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары əрі бəрімізге құрметті əріптесіміз қуанышымен Алтынай МЫРЗАХМЕТОВНАНЫ 26 маусымда 50 жасқа толған мерейлі құттықтаймыз. Алтынай білімді, білікті шәкірттер тәрбиелеу жолында. аянбай қызмет атқарып келеді. Ұжымға сыйлы, туыс-бауырына, құрметті. Ұстаз еңбегі инемен құдық қазғандай десек осы салада үлкен ізденіспен қажымай, талмай көптеген озат оқушыларды алтын ұядан ұшырып, арман мақсаттарының орындалуына мол үлесін қосқан Алтынай Мырзахметовна біздің ұжымның мақтанышы саналады. Кішіпейіл, жібектей жұмсақ мінезімен, адами асыл қасиетімен жүріп, міне, биыл 50 жасты бағындырып отыр. Осы саладағы сіңірген еңбегіне орай көптеген марапаттарға ие болды. Осы қуанышты күні құшағы гүлге- толсын дейміз. Деніне саулық, ұстаздық қызметіне толымды табыс, алдағы күндеріне сәттілік пен жақсылық тілейміз.
Құттықтаушылар: Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебі КММ-нің ұжымы.