Аманғожаев Қаржау ағамыз ауылына еңбегі сіңген ардақты азаматымыз. Отбасында қадірменді әке, немерелерінің жақсы көретін атасы, ауылымызда өзінің орны бар ақыл-кеңесін жастарға айтып отыратын қария ретінде білеміз.
Қаржау аға жастайынан еңбекке араласты. Менің білетінім совхозда механизатор болып таңның атысынан күннің батысына дейін еңбек етті. Ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің үлесін қосты. Жер жыртып, егін егіп, шөп дайындады. Күннің ыстық суығына қарамай тракторымен қойлы ауылға жем-шөп тасыды. Қойшыларды жайлауға, қыстақтарға көшіріді. Еңбегімен ел жұртқа танылды.
Қазіргі уақытта өзінің отбасын біріктіріп жеке шаруа қожалығын құрып оған басшылық жасауда.
Қаржау ағамыздың еңбегі кейінгі жастарға үлгі-өнеге.
Жанбол Өмірзақов.