Site icon Атамекен

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы

Қаңтар айында Алматы облысы ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 17 -ден астам өтініш қабылдады. Қауіпті өндірістердегі жұмысшыларды қолдауға арналған бұл құрал Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы енгізілген. Бір айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен өтінім бергендерге 2 миллион теңгеден астам төленді.

Арнаулы әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшеріндегі арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан, сақтандыру ұйымдарының төлемдерінен, жұмыс берушілердің төлемдерінен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен және Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерден тұрады.

Жәрдемақы 55 жастан асқан адамдарға беріледі және зейнеткерлік жасқа дейін жалғасады. Аталмыш жәрдемақыны тағайындау үшін қызметкер БЖЗҚ-да 7 жылдан кем емес мерзімде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтаған болуы керек және ол зиянды жағдайларда жұмысын тоқтатқан, жұмыстан шыққан немесе жеңіл жұмысқа ауысқан болуы шарт.

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті ХҚКО-дан тапсыруға болады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға жәрдемақы проактивті форматта да тағайындалады – егер телефонға 1414 нөмірінен тиісті ұсыныс түссе, хабарламаға келісімдерін берулері керек.

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының баспасөз қызметі

Exit mobile version