Атамекен

Арғынова Салтанат Асқарқызы

1992 жылдың 11 қазанында дүниеге келген. Дегерес ауылдық округіне қарасты Бұлақ ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда ол өз ісін дөңгелетіп, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген нағыз еңбекқор жан.

Салтанат Асқарқызы негізінен тігін кәсібін қолға алып, ауыл тұрғындарына, округтегі мектептерге және өзге қалалардан түсетін түрлі тапсырыстарды қабылдап, сапалы өнімдер тігіп береді. Ол өзінің шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында ауыл ішінде де, сыртта да сенімді тігінші ретінде танылып келеді.

Оның қолынан шыққан әрбір бұйым ерекше ұқыптылықпен, талғаммен жасалады. Шағын ауылда отырып-ақ кәсібін кеңейтіп, халыққа қызмет көрсетіп жүрген Арғынова Салтанат Асқарқызы – жас кәсіпкерліктің жарқын үлгісі.

Exit mobile version