Site icon Атамекен

Астана күні құтты болсын!

2024 жылы Астана қаласына 26 жыл толды. Елорда ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды. Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісі атанып, бүкіл әлемге танылды.
Астана – мемлекетіміздің бейбіт әрі сындарлы саясатының, еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашағының, бүкіл елдің татулығы мен тұтастығының көрінісі. Қарқынды дамудың, мәдени және жаңашыл басталамаларды қолдаудың арқасында Астана жаңа Қазақстанның символына айналды. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Exit mobile version