Воскресенье, 1 марта, 2026
Басты бетПікірАстана қаласында жаңа Конституция жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер»...

Астана қаласында жаңа Конституция жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалог өтті.

Іс-шара Қазақстанның терең трансформация кезеңіне қадам басқанын айқындай отырып, Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын қоғамға кеңінен түсіндіруге бағытталған.

Диалог әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілуде. Бағдарлама студиялық пікірталас форматында ұйымдастырылып, жаңа Конституция жобасындағы негізгі нормалардың құқықтық мәнін ашуға, сондай-ақ азаматтардың көкейіндегі сауалдарға жауап беруге мүмкіндік беріп отыр.

Пікір алаңына жеті партиядан 14 спикер қатысты. Талқылау төрт раунд бойынша:
– жаңа Конституция нормаларын түсіндіру;
– жүргізушілердің сауалдарына жауап беру;
– халықтан келген бейнесұрақтарға жауап;
– партиялардың қорытынды үндеулері.

Спикерлердің айтуынша, жаңа Конституция – тек заңнамалық өзгерістер жиынтығы емес, әділдікке, ашықтыққа және заманауи басқару моделіне бағытталған қоғамдық сұранысқа берілген жауап. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген басқару жүйесі билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтіп, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар, өңірлердің экономикалық дербестігін кеңейту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту арқылы аймақтарды экспорттық хабтарға айналдыру мәселелері де кеңінен қозғалып отыр. Бұл бастамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беруді көздейді.

Мұндай ашық әрі мазмұнды партияаралық диалог жаңа Конституцияның маңызын тереңірек ұғынуға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді.

Раймбердиева Майра, журналист

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments