Еліміздің болашағы мен тұрақты дамуы үшін маңызды саналатын Жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған референдум күні ел азаматтары ерекше белсенділік танытты. Солардың қатарында аудандық «Атамекен» газетінің ұжымы да азаматтық жауапкершіліктерін терең сезініп, өз таңдауларын жасап, дауыс беруге қатысты.
Таңертеңнен бастап редакция қызметкерлері өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріне барып, референдумға қатысып, Жаңа Конституция үшін өз дауыстарын берді. Бұл – тек азаматтық борышты орындау ғана емес, ел болашағына деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Осы тұрғыдан алғанда, «Атамекен» газетінің ұжымы елдегі маңызды саяси науқандарға бейжай қарамай, әрдайым белсенділік танытып келеді. Газет қызметкерлері тек ақпарат таратып қана қоймай, қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосып, елдік бастамаларды қолдауды өздерінің азаматтық ұстанымы деп біледі.
Редакция ұжымы үшін бұл күн – ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи сәттердің бірі. Сондықтан әр қызметкер референдумға қатысуды азаматтық парыз деп қабылдап, бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуын нығайтып, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжат. Осындай тарихи кезеңде өз дауыстарын беру арқылы «Атамекен» газетінің ұжымы ел болашағына бейжай қарамайтындарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігі – мемлекетіміздің жарқын келешегінің кепілі. Ал «Атамекен» газетінің ұжымы алдағы уақытта да ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды қолдап, қоғамға шынайы әрі сапалы ақпарат ұсынуды жалғастыра бермек.


