Site icon ATAMEKEN

Ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер назарына!

Жазғы демалыс басталысымен балаларда көп бос уақыт пайда болады. Осы уақытта, өкінішке қарай, балалардың жарақаттануы да, соның ішінде электр тоғымен зақымдануы да жиілеп кетеді.

Тұрғын аудандар, мектептер, балабақшалар аумақтарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы стансалар (ТҚС) немесе бөлу пункттері (БП) бар.

ТҚС және БП есіктері арнайы құлыптармен жабылғанына қарамастан, оларды көбінесе түрлі-түсті сынықтарды ұрлау мақсатында немесе бұзақылық ниетпен бөтен адамдар бұзу жағдайлары орын алады. Халықтың көмегінсіз қызмет көрсететін персоналдың бұзылғандарды дер кезінде анықтауы өте қиын.

Балалардың электр жарақатын болдырмау үшін электр қондырғыларының сынған құлпы, ашық есіктері және үзілген сымдар туралы электр тораптарының диспетчерлік пункттеріне дер кезінде хабарлауды сұраймыз. Олардың байланыс нөмірлері электр қондырғыларының есіктерінде көрсетілген.

Электр қондырғыларының аумағында ойнаған балаларды байқаған жағдайда, оларды қауіпті аймақтан шығару бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажет.

Бұдан басқа, балаларды электр тоғымен зақымдану қаупі туралы хабардар етуді, оларға қауіпсіздік белгілерін ескертетін және тыйым салатын белгілерді көрсетуді, олардың маңызын түсіндіруді сұраймыз.

Балаларға келесі әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН түсіндіру қажет:

• электр қондырғыларына ену, электр шкафтарының, жинақтардың, қалқандардың есіктерін ашу;

• электр беру желілерінің астында ойнау, ойнау үшін кернеуде тұрған электр қондырғылары мен жабдықтарға жақын орынды пайдалану;

• электр берудің әуе желілерінің тіректеріне шығу, тіректердегі оқшаулағыштарды бұзу;

• 8–10 метрден жақын қашықтықтағы жердегі үзілген, салбырап тұрған немесе жатқан сымға жақындау;

• сымдарға ағаштар, баспалдақтар, үйлердің шатырлары және құрылыстар арқылы 1,5 метрден жақын қашықтыққа жақындау;

• электр жеткізудің әуе желілерінің сымдарына бөгде заттарды лақтыру, олардың жанында шарларды ұшыру;

• электр жеткізудің әуе желілері тіректерінің астында от жағу (құрғақ шөп, жапырақтар, қамыс жағу);

• ересектердің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалану, электр құралдарын бөлшектеу;

• электр құралдарының сымдарын дымқыл қолмен ұстау, сымнан тарту, розеткаға бөгде заттарды салу.

Есіңізде болсын! Электр жарақаттары өзінің салдары бойынша аса қауіпті болып табылады және басқа жарақаттарға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға әкеп соқтырады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасы.

Exit mobile version