Атом саласының қызметкерлері АЭС салу жөніндегі Референдум қарсаңында Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.
Атом индустриясын дамыту қауымдастығы жариялаған бейнеүндеуде, мамандар болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның технологиялық, әлеуметтік, экономикалық дамуын қамтуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Атом қызметкерлері өз миссиясы мен ел халқы алдындағы тарихи борышын, сондай-ақ Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылысын атап өтті.