Site icon Атамекен

Атом электр станциясын салу бойынша Сарыбай би ауылдық округі тұрғындармен кездесу өтті

⚡️Атом электр станциясын салу бойынша Сарыбай би ауылдық округі тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі болды. Қуат тапшылығының артуы және қазіргі энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында АЭС салудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Халықтық штаб мүшелері АЭС-тің Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды. Ол АЭС салу тек электр энергиясының тұрақты және сенімді көзімен қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің экономикалық және технологиялық дамуына да ықпал ететінін атап өтті.

АЭС-тердің радиациялық қауіпсіздікке қатысты қатаң ережелер мен талаптарға сай болатынын айтып, халықтың қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын баса айтты.

Кездесу соңында Армандос Ақылдосұлы АЭС салу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, белсенді азаматтық позицияны ұстануға шақырды.

Қуат көздерін тиімді пайдалану, елдің энергетикалық болашағы туралы ойланып, өз ойларын ашық жеткізуқ ажеттігін атап өтті.

#АЭСүшін #Референдум2024 #ХалықтықШтаб #НародныйШтаб #ЗаАЭС

Exit mobile version